16 Желтоқсан тәуелсіздік күні » СШ №22
Жамбыл облысы
Қордай ауданы білім бөлімінің
"№22 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 16 Желтоқсан тәуелсіздік күні
13
декабрь
2019

16 Желтоқсан тәуелсіздік күні

           №22 Еңбек орта мектебінде «16 желтоқсан –Қазақстан Республикасы тәуелсіздік күніне»  орай мектепішілік іс-шара жоспары бекітіліп,  жоспар бойынша іс-шаралар атқарылды. 1-11 сынып оқушылары арасында «Ел аңсаған тәуелсіздік» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. «Тәуелсіздік елімнің ерлік жолы» тақырыбында салтанатты жиын және мерекелік концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Бағдарламаға 7,8,9 сынып оқушылары қамтылып, патриоттық әдеби монтаж 3 сынып оқушыларының 16 желтоқсан оқиғасынан үзінді көріністер көрсетіп, патриоттық әндер айтумен ұласты. «Тәуелсіздік елімнің ерлік жолы» қабырға газеттер шығарылып, мектеп кітапханасында «Тәуелсіз Қазақстан-біздің ең қымбат,ең асыл құндылығымыз» кітап көрме, сурет көрмелері ұйымдастырылды.

         7-11 сынып оқушылары арасында тарих пән мұғалімі «Желтоқсанның асықпаған тарихи ақиқаты»  тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

«Тәуелсіз елім-кең байтақ жерім» тақырыбы аясында мектеп ұстаздары мен оқушылары арасында воллейбол спорттық ойын жарыстары  ұйымдастырылды.