Лауазымдық міндеттер » СШ №22
Жамбыл облысы
Қордай ауданы білім бөлімінің
"№22 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Лауазымдық міндеттер
23
январь
2019

Лауазымдық міндеттер


«ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ҚОРДАЙ АУДАНЫ
ӘКІМДІГІ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ
№ 22 ЕҢБЕК ОРТА МЕКТЕБІ»КММ

Бұйрық № 94

Еңбек ауылы 03.09.18ж

94.2
Әкімшілік мүшелері арасында
оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру
бойынша қызметтік міндеттерді
бөлу туралы

2018-2019оқу жылының басталуына байланысты
мектеп оқушыларының білім алу мен тәрбиесіне және қызметкерлерінің жұмысына лайықты жағдай жасау үшін ҚР «Білім туралы» заңының тиісті баптарын, білім беруді басқаратын жоғары тұрған ұйымдардың бұйрықтарын, мектеп Жарғысын, ішкі еңбек тәртібінің ережелерін, мектеп педкеңесінің шешімдерін негізге ала отырып

БҰЙЫРАМЫН :

Мектептің басқарма топтарының мүшелері және басқа да қызметкерлері арасындағы қызметтік міндеттер төмендегідей түрде бөлінсін :





























Мектеп директорының жеке лауазымдық міндеттері:

- Мектептегі білім беру, тәрбие, шаруашылық және қаржылық қызметінің ұйымдастырылуына, өз орынбасарларының, мамандар мен қызмет көрсетуші қызметкерлердің жұмысына басшылық жасайды ;
- Мектеп педагогикалық ұжымын жалпы басқаруды жүзеге асырады ;
- Кадрларды ұтымдылықпен таңдап, жұмысқа қабылдау мен орнықтыруды қамтамасыз етеді ;
- Ұжымның ғылыми-зерттеу қызметін басқарады, білікті мамандар мен тәжірибелі мамандарды тарту арқылы сынақтан өткізу технологияларын әзірлеп, жетілдіреді ;
- Мектеп қызметін жүргізу мен дамытуға қолайлы жағдай тудыру жағын басқарады ;
- Тікелей және басқа жолдар арқылы оқушылардың білім сапасына, олардың тәрбиеленуі мен дамуына бақылау жасап отырады ;
- Сабақтарға, сыныптан тыс іс-шараларға қатысып, талдау жүргізеді (кем дегенде жылына 136 сағат) ;
- Мектеп кеңесінің мүшесі болғандықтан, мектептегі өзін-өзі басқару жұмысына қатысады, қоғамдық құрылымдардың жұмысына жәрдем көрсетіп, әрекеттестік жасайды ;
- Оқушыларға мектеп асханасында сапалы ыстық тамақ берілуін ұйымдастырады ;
- Мектептің оқу-материалдық базасын нығайтады, оның сақталуы мен тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді ;
- Мектеп пен оның қызметкерлері жұмысының озық тәжірибелерін зерделеуді, қорыту мен таратуды ұйымдастырады ;
- Тәрбиелеу, білім беру, әкімшілік және шаруашылық қызметіндегі мектеп үшін мәні зор инновациялар туралы ақпараттар жинау мен жинақтауды ұйымдастырады. ;
- Мектептегі тиісті санитарлық-гигиеналық жағдайды, білім беру үрдісі кезінде – оқушылар мен мектеп қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығын қорғауды, құқықтары мен еркіндігін ҚР заңнамасымен белгіленген тәртіпте сақтауды қамтамасыз етеді ;
- Іс –қағаздарының жүргізілуін, мектеп құжаттамасын, мектептің уақтылы есептілігін бақылап отырады ;
- Ұжымда қолайлы моральдық-психологиялық ахуал болуын қамтамасыз етеді ;
-
- Жаппай білім беру, мектептің шағын учаскелеріне рейдтері бойынша жұмыстарды ұйымдастырумен айналысады ;
- Мектептің әр түрлі ұйымдар және мекемелермен байланыста болуын қамтамасыз етеді ;
- ӘБ қызметіне курьерлік етеді ;
- Мектептің АҚ бастығы болып табылады.
-


Жауапты пәндері : қазақ тілі,орыс тілі,шет тілі,бастауыш сынып,тарих,дінтану.






Нұсқаумен таныстым:________________ ___________________________________________
(қолы) (аты-жөні)

«______»___________________2017ж

АББ бастығы: Райымқұлов Қ.


Мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
жеке лауазымдық міндеттері
1. Жалпы ереже
1.1. Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметіне педагогикалық жоғары білімді, басқару қызметінің психология-педагогикалық дайындық курсынан өткен, педагогикалық қызмет өтілі үш жылдан кем емес маманды мектеп директорының ұсынысымен қалалық білім басқармасы тағайындайды және босатады.
1.2.Оқу ісі жөніндегі орынбасары тікелей мектеп директорына бағынады.
1.3.Оқу ісі жөніндегі орынбасарына тікелей бағынады: пән мұғалімдері, зертхана меңгерушілері.
1.4.Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары өзінің қызметінде ҚР Конституциясымен заңдарын, ҚР Президентінің бұйрықтары мен жарлықтарын, ҚР Үкіметі мен Білім министрілігінің шешімдерін, білім беру мекемелерінің нұсқауларын, еңбек зандылықтары мен нормаларын, техника қауіпсіздігі мен өртке қарсы ережелерді, мектеп Жарғысын басшылыкқа алады. Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары "Бала құқығы туралы" БҰҰ Конвенциясын қатаң сақтайды.

2. Атқаратын қызметі
2.1 1-11 сыныптарда оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырады.
2.2 Оқу үрдісінде қауіпсіздік техникасымен нормаларының сақталуын қамтамасыз етеді.
2.3.Мектептің оқу-тәрбие үрдісінің дамуына бақылау жасау, басқару.
3. Лауазымдық міндеттері
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары:
3.1.Оқу процесінің ұйымдастырылуына басшылық етеді, оқу жоспары мен бағдарламалардың сапалы орындалуын қамтамасыз етеді.
3.2. Мектептің ағымдағы және алдағы іс-әрекетін жоспарлауды ұйымдастырады.
3.3. Сыныптардың сабақ кестесі, оған басшылық және бақылау жасау.Оқу бағдарламаларының орындалуы, оқушылардың білім сапасына жауап береді.
3.4.Сабақ кестесін жасап, сынып журналының жүргізілуін қадағалайды /1-11 сынып/
3.5.Оқу үрдісінің талапқа сай жүргізілуіне жауапты, әкімшіліктің кезекшілік кестесі бойынша оқушылардың сабаққа қатысуын қадағалайды.
3.6. Денсаулығына байланысты үйден оқытылатын оқушылардың оқу үрдісінде сабақ кестесіне сай өткізілуін, журналын қадағалайды.
3.7..Жалпыға бірдей білім беру заңдарының орындалуына басшылық жасайды.Оқушылар қозғалысына жауапты.
3.8 .Білім үрдісінің мониторингін жүргізеді, оқу сапасын тексереді.
3.9. Пәндер бойынша техника қауіпсіздігінің ережелерінің
қатаң сақталуына бақылау жүргізеді.
3.10. Мектептің педагогикалық кеңесін дайындауға, өткізуге ат салысады, оның қаулысының орындалуын қадағалайды. Ауысымдағы пән кабинеттерінің санитарлық-гигиеналық талапқа сай болуын қадағалайды.
3.11. Әр тоқсан сайын және жыл соңындағы білім сапасы мен үлгерім сапасының есебін білім бөліміне өткізуге жауапты.
3.12.Оқу ісіне байланысты белгіленген есеп құжаттарының дер кезінде дайын болуын қамтамасыз етеді.
3.13. Емтиханға әзірлік және өткізу жұмыстарын ұйымдастырады.
3.14. Ата-аналарды оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру мәселелері бойынша қабылдайды.
3.15. Оқушылардың оқу жүктемесіне бақылау жасайды.
3.16. Оқу үрдісінің басқа түрлерімен қатар, уақытша жоқ мұғалімдер сабақтарын уақтысында және сапалы түрде ауыстыруды қамтамасыз етеді, ауыстырылған сабақтардың есебі жайлы журнал жүргізеді.
3.17. Бекітілген есептік құжаттарды уақтысында құрастыруымен қамтамасыз етеді, мұғалімдер мен сынып журналдарын, басқа құжаттардың дұрыс және уақтысымен жүргізілуін бақылайды.
3.18.Технология,бейнелеу,сызу,д/ш,математика,физика,информатика сабақтарына қатысады, талдайды.
3.20.ОЖСБ жоспарын жасап, жыл бойы оқушыларды ОЖСБ – ға дайындау жұмысын ұйымдастырады.
3.21. ҰБТ жоспарын жасап, жыл бойы оқушыларды ҰБТ-ға дайындау жұмысын
ұйымдастырады.
3.22.Оқушыларды белгілі бір мамандықка бейімдеу жұмыстарын жүргізеді, бағдарлы және бағдаралды жұмысқа басшылық жасайды
3.23. Бітіруші сынып жетекшілерінен бітірушілердің жұмысқа орналасуы туралы ақпарат жинау бойынша жұмысын бақылайды.
3.24. Оқу процесіндегі әдістемелік жұмыстың ұйымдастырылуына басшылық етеді,
оқу жоспары мен бағдарламалардың сапалы орындауын қамтамасыз етеді. Пәндер
бойынша күнтізбелік жоспармен күнделікті сабақ жоспарының талапқа сай болуына
жауап береді.
3.25. Педагогикалық кадрлардың кәсіптік шеберлігі мен біліктілігін арттыруды
ұйымдастырады.
3.26. Оқыту процесін жетілдіру жайында ұсыныс енгізеді.
3.27. Әдістемелік бірлестіктер жұмысына басшылық жасайды, олардың жылдық
жұмысына талдау жасайды.
3.28. Мұғалімдердің нәтижелі тәжірибелерін тарату бойынша іс-шаралар
ұйымдастырады.
3.29.Педагогикалық қызметкерлердің аттестациясын дайындауға жауапты және оны
өткізуге қатысады.
3.30. Кабинеттер мен зертханалардың қазіргі заманға сәйкес техникалық құралдармен, оқулықтармен, кітапхананы оқу-әдістемелік және көркем әдебиеттермен толтыруды қамтамасыз етеді. Пән кабинеттерінің жабдықталуына әдістемелік тұрғыда көмек көрсетеді. Оқу кабинеттерінің, шеберхананың төлқұжатын ұйымдастырады
3.31. Қолданбалы курстар мен таңдау курстарының бағдарламаларының талапқа сай жасалынуына басшылық етеді және оның талапқа сай жүргізілуін қадағалайды.
3.32..Пәндік олимпиадалардың өткізілуін ұйымдастырады, қалалық, облыстық олимпиадаға оқушыларды қатыстырады.Оқушылардың ғылыми жобамен айналысуын және оған қатысуын ұйымдастырады.
3.33. «Жас мамандар» мектебінің жұмысына басшылық жасайды.
3.34. «Озат мұғалімдер» мектебінің жұмысына басшылық жасайды.
3.35.Инновациялық бағдарламалар, технологияларды меңгеруде педагогикалық қызметкерлерге көмек керсетеді.
3.36. Дарынды оқушымен жұмысты ұйымдастырады.
3.37. Рик – 83 есебін жасап өткізеді.

Білуге міндетті:

Қазақстан Республикасының Конституциясын (30.08.1995), Қазақстан Республикасының "Білім туралы"(04.12.2015ж), «Еңбек кодексі» (15.05.2007), "Бала құқығы туралы"(8.08.2002ж) Заңдарын, «Ар-намыс кодексін» және басқа білім беру мәселесі жөнінде нормативтік құқықтық актілерді, педагогиканы, педагогикалық психологияны, жас ерекшелік физиологиясын, мектеп гигиенасын, қазіргі заманғы педагогика-психологиялық ғылымның және практиканың жетістіктерін, әлеуметтану, экономика негізін, еңбек заңнамаларын, білім беру ұйымдарының қаржы-шаруашылық жұмыстарының сұрақтарын, еңбек қорғаудың ережесі мен нормасын және техникалық қауіпсіздік пен өртке қарсы қорғанысты.

4. Құқығы
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары өз қызмет бабы шегінде құқылы:
4.1. Мұғалімдердің кез келген сабағына қатысуға.
4.2. Оқу процесіне кедергі келтірген оқушыларды мектеп Жарғысында белгіленген тәртіптік жауапкершілікке тартуға.
4.3. Өзінің қарамағындағыларға орындалуға міндетті тапсырмалар беруге.
4.4..Қажетті жағдайларда сабақ кестесіне уақытша өзгертулер енгізуге, бірге сабақ өткізу үшін топтар мен сыныптарды уақытша біріктіруге.
4.5. Мұғалімдерден керекті құжаттар мен мәліметтерді, түсініктемелерді талап етуге.
5. Жауапты
5.1. Мектеп Жарғысы мен еңбек тәртібінің ішкі ережелерінің, басқа да нормативтік актілердің, білім бөлімінің бұйрықтарының, осы нұсқауда көрсетілген лауазымдық міндеттердің себепсіз немесе дұрыс орындалмауына, оның ішінде өзіне берілген құқықтарды қолдана алмағаны үшін мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары «Еңбек туралы» Кодексте анықталған ретте тәртіптік жауапқа тартылады.Қызметтік міндеттерді өрескел бұзғаны үшін тәртіптік жаза ретінде жұмыстан босатылу шарасы қолданылуы мүмкін.
5.2. Еңбек қорғау заңдылықтарын, оқу-тәрбие процесінің ұйымдастырудағы санитарлық - гигиеналық талапты бұзғаны үшін мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары әкімшілік жауапқа тартылады.
5.3. Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары өзінің лауазымдық міндеттерін орындалуына байланысты мектепке немесе білім беру процесіне қатысушыларға залал келтірген жағдайда, азаматтық заңдылықтар бойынша материалдық жауапкершілікке тартылады.
6. Өзара қарым-қатынас. Лауазымдық байланыстар
Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары:
6.1. 40 сағаттық жұмыс аптасына қүрылған, мектеп директоры бекіткен график бойынша жұмыс күні режимінде жұмыс істейді.

6.2. Өзінің әр оқу жылындағы және әр тоқсандағы жұмысын өз бетінше жоспарлайды. Жұмыс жоспарын жоспарланған мезгілдің алғашқы бес күн ішінде директорға бекіттіреді.
6.3. Оқу жылының соңында өзінің бір жылдық жұмысы туралы мектеп директорына жазбаша түрде есеп береді.
6.4. Мектеп директорынан нормативті-құқықтық және ұйымдастыру-әдістемелік сипаттағы хабарларды алып, сол құжаттармен қол қойып танысады.

6.5. Мектеп директорының оқу процесіндегі оқу-тәрбие мәселесіне байланысты бұйрықтарын іске асырады.
6.6. Мектеп мұғалімдерімен, директордың басқа да орынбасарларымен өз қызмет бабы туралы пікір алмасып, ақпараттар алып отырады.
Жауапты пәндері : матемтика,сызу,сурет,ән,физика

Нұсқаумен таныстым:________________ ___________________________________________
(қолы) (аты-жөні)

«______»___________________2018ж


Мектеп директоры: Ж.К.Кустутинов



Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
жеке лауазымдық міндеттері
1. Жалпы ереже
1.1. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметіне педагогикалық жоғары білімді, басқару қызметінің психология-педагогикалық дайындық курсынан өткен, тәрбие саласында өтілі үш жылдан кем емес маманды мектеп директорының ұсынысымен қалалық білім басқармасы тағайындайды және босатады.Еңбек демалысы немесе еңбекке жарамсыздық кезінде оның міндетін уақытша атқару мектеп директорының құқық бұзушылықтың алдын алу ісі жөніндегі орынбасарына жүктеледі.
1.2. Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары тікелей мектеп директорына бағынады.
1.3. Тәрбие ісі жөніндегі орынбасарға тікелей бағынады: пән мұғалімдері, зертхана меңгерушілері, үйірме жетекшілері, тәлімгер, психолог, әлеуметтік педагог.
1.4. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары өзінің қызметінде ҚР Конституциясымен заңдарын, ҚР Президентінің бұйрықтары мен жарлықтарын, ҚР Үкіметі мен Білім министрілігінің шешімдерін, білім беру мекемелерінің нұсқауларын, еңбек зандылықтары мен нормаларын, техника қауіпсіздігі мен өртке қарсы ережелерді, мектеп Жарғысын басшылыкқа алады. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары «Бала құқығы туралы» БҰҰ Конвенциясын қатаң сақтайды.
2. Атқаратын қызметі
Негізгі бағыттары:
2.1. Тәрбие процесіне әдістемелік басшылық жасау.
2.2 .Оқушылармен мектептен, сыныптан тыс тәрбиелік іс-шараларды ұйымдастыру.
3. Лауазымдық міндеттері
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына төмендегі міндеттер жүктеледі:
3.1. Мектептің даму бағыты, ерекшеліктерін, педагогтардың мүмкіндігі, окушылардың тәрбиелік деңгейін негізге ала отырып, тәрбие жұмысының жүйесін жасап, қалыптастыру.
3.2. Сынып, үйірме жетекшілерінің, психологтын, тәлімгерлердің тәрбиелік іс-әрекетін жаңа модель тұрғысына бейімдеу, тәрбиелік және дамытушылық маңызы бар іс-шаралар ұйымдастыру, бақылау, жасау.
3.3 .Тәрбие үрдісінің дұрыс ұйымдастырылуын қадағалау, оқушылармен жүргізілетін жұмыстар бағдарламасын. ағымдағы және алдағы тәрбие үрдісін жоспарлау, тәрбие іс-шаралар кестесін жасау.
3.4. Оқушылардың тәрбиелік деңгейін айкындау. Жеке тұлғаны қалыптастыру мақсатында оның жанұясымен байланысты қамтамасыз ету.
3.5. Оқушыларды тәрбиелеуде бірігіп жұмыс істеу үшін, мектеп пен мектептен тыс мекемелердің, шығармашылық ұжымдардың байланысын нығайту.
3.6. Ата-аналармен жұмысты ұйымдастырады, ата-аналар алқасы жұмыстарына басшылық жасайды.
3.7. Оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымына басшылық жасайды.
3.8 .Тәрбие саласындағы озат тәжірибені зерттеп, жинақтау, тарату: тәрбие ісіне барлық жұртшылықты тарту.
3.9. «Жас ұлан» ұйымының жұмысына басшылық жасайды.
3.10. Мектептегі сынып жетекшілерінің әдістемелік бірлестігіне басшылык жасайды.
3.11. Мектептегі сыныптан тыс іс-шараларға қатысу.
3.12. Мектеп кеңесіне, педкеңеске тәрбие жұмысы туралы мәселелер қою,
оны талқылау.
3.13. Тәрбие саласына жауапты мамандармен тәрбие саласын дамыту жолдары, тәрбие ісінде озық үлгілер көрсеткен мұғалімдерді марапаттау, өз ісіне салғырт қарағандарға шара колдану туралы ұсыныс жасау.
3.14. Тәрбие жұмысына байланысты белгіленген есептің, өтілген іс-шаралар жоспарының дер кезінде дайын болуын қамтамасыз ету.
3.15. Оқушылардың жазғы демалысын, еңбек лагерін ұйымдастырады
3.16.Экологиялық тәрбие жұмыстарына басшылық жасайды
3.17. Оқушылар демалысын жоспарлауды ұйымдастыру.
3.18. Мектептің ішкі тазалық жұмыстарын ұйымдастырады.
3.19. Мектеп ғимаратына мұғалімдердің және оқушылардың кезекшілігін ұйымдастырады
3.20. ІІ- ауысым оқушыларының сабаққа қатысуын қадағалайды
3.21. Жолда жүру ережелерін үйретуге басшылық жасайды.
3.22. Мектеп ұжымының басылымдарға жазылуына басшылық жасайды.
3.23.Дене шынықтыру, өнер, өзін-өзі тану пәндерінің, орыс бөліміндегі бастауыш сынып, үйірме сағаттарының өту барысын қадағалайды, талдайды.
3.24.«Қамкорлық» кеңесінің жұмысына басшылық жасайды.

Білуге міндетті:

Қазақстан Республикасының Конституциясын (30.08.1995), Қазақстан Республикасының "Білім туралы"(04.12.2015ж), «Еңбек кодексі» (15.05.2007), "Бала құқығы туралы"(8.08.2002ж) Заңдарын, «Ар-намыс кодексін» және басқа білім беру мәселесі жөнінде нормативтік құқыктық актілерді, педагогиканы, педагогикалық психологияны, жас ерекшелік физиологиясын, мектеп гигиенасын, қазіргі заманғы педагогика-психологиялық ғылымның және практиканың жетістіктерін, әлеуметтану, экономика негізін, еңбек заңнамаларын, білім беру ұйымдарының қаржы-шаруашылық жұмыстарының сұрақтарын, еңбек қорғаудың ережесі мен нормасын және техникалық қауіпсіздік пен өртке қарсы қорғанысты.
4. Құқығы
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары өз қызмет бабы шегінде құқылы:
4.1..Кез келген тәрбиелік іс-шараға қатысуға, өз қарамағындағы қызметкерлердің жұмысын тексеруге, орындалуға тиісті бұйрықтар беруге.
4.2.Тәрбие жұмысына кедергі келтірген оқушыларды мектеп жарғысында белгіленген тәртіптік жауапкершілікке тартуға.
4.3. Үйірме жұмыстарының кестесіне қажет болған жағдайда өзгертулер енгізуге, тоқтатуға.
4.4. Мұғалімдерден керекті құжаттар мен мәліметтерді, түсініктемелерді талап етуге.
5. Жауапты
5.1. Мектеп Жарғысы мен еңбек тәртібінің ішкі ережелерінің, басқа да нормативтік актілердің, білім бөлімінің бұйрықтарының, осы нұсқауда көрсетілген лауазымдық міндеттердің себепсіз немесе дұрыс орындалмауына, оның ішінде өзіне берілген құқықтарды қолдана алмағаны үшін мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары «Еңбек туралы» Кодексте анықталған ретте тәртіптік жауапқа тартылады.
Қызметтік міндеттерді өрескел бұзғаны үшін тәртіптік жаза ретінде жұмыстан босатылу шарасы қолданылуы мүмкін.
5.2. Өрт кауіпсіздігі ережесін, еңбек қорғау заңдылықтарын, оқу-тәрбие процесінің ұйымдастырудағы санитарлық-гигиеналық талапты бұзғаны үшін мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары әкімшілік жауапқа тартылады.
5.4. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары өзінің лауазымдық міндеттерін орындалуына байланысты мектепке немесе білім беру процесіне қатысушыларға залал келтіруге кінәлі болса, азаматтық заңдылықтар бойынша материалдық жауапкершілікке тартылады.








6. Өзара қарым-қатынас. Лауазымдық байланыстар

Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:
6.1. сағаттық жұмыс аптасына құрылған, мектеп директоры бекіткен график бойынша қалыптан тыс жұмыс күні режимінде жұмыс істейді.
6.2.Өзінің әр оқу жылындағы және әр тоқсандағы жұмысын өз бетінше жоспарлайды. Жұмыс жоспарын жоспарланған мезгілдің алғашқы бес күн ішінде директорға бекіттіреді.
6.3.Оқу жылының соңында өзінің бір жылдық жұмысы туралы мектеп директорына
жазбаша түрде есеп береді.
6.4.Мектеп директорынан нормативті-құқықтық және ұйымдастыру-әдістемелік
сипаттағы хабарларды алып, сол құжаттармен қол қойып танысады.
6.5.Мектеп директорының тәрбие ісін ұйымдастыру мәселелеріне байланысты
бұйрықтарын іске асырады.
6.6.Мектеп мұғалімдерімен, директордың басқа да орынбасарларымен өз
қызмет бабы туралы пікір алмасып, ақпараттар алып отырады.
6.7. Өзін-өзі тану,орыс оқыту тілінің бастауыш сыныбы, дене тәрбиесі, география бірлестігіне, үйірме сағаттарының өту барысына басшылық жасайды үйірме сағаттарының сабақтарына және сынып сағаттарына қатысады, талдайды. (


Жауапты пәндері : Информатика



Нұсқаумен таныстым:________________ ____________________________________

(қолы) (аты-жөні)

«______»___________________2018ж.



Мектеп директоры: Ж.Кустутинов




Мектеп директорының құқық бұзушылықтың алдын алу
ісі жөніндегі орынбасары
жеке лауазымдық міндеттері
1. Жалпы ереже
1.1 Директордың балаларды қорғау мен әлеуметтік қорғаныс ісі жөніндегі (құқық бұзушылықтың алдын алу) орынбасары қызметіне педагогикалық жоғары білімді, басқару қызметінің психология-педагогикалық дайындық курсынан өткен, тәрбие саласында өтілі үш жылдан кем емес маманды мектеп директорының ұсынысымен қалалық білім басқармасы тағайындайды және босатады.Еңбек демалысы немесе еңбекке жарамсыздық кезінде оның міндетін уақытша атқару мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына жүктеледі.
1.2. Балаларды қорғау мен әлеуметтік қорғаныс (құқық бұзушылықтың алдын алу) ісі жөніндегі орынбасары тікелей мектеп директорына бағынады.
1.3 Балаларды қорғау мен әлеуметтік қорғаныс (құқық бұзушылықтың алдын алу) ісі жөніндегі орынбасарға тікелей бағынады: пән мұғалімдері, психолог, әлеуметтік педагог.
1.4Мектеп директорының балаларды қорғау мен әлеуметтік қорғаныс (құқық бұзушылықтың алдын алу) ісі жөніндегі орынбасары өзінің қызметінде ҚР Конституциясымен заңдарын, ҚР Президентінің бұйрықтары мен жарлықтарын, ҚР Үкіметі мен Білім министрілігінің шешімдерін, білім беру мекемелерінің нұсқауларын, еңбек зандылықтары мен нормаларын, техника қауіпсіздігі мен өртке қарсы ережелерді, мектеп Жарғысын басшылыкқа алады. Мектеп директорының балаларды қорғау мен әлеуметтік қорғаныс (құқық бұзушылықтың алдын алу) ісі жөніндегі орынбасары «Бала құқығы туралы» БҰҰ Конвенциясын қатаң сақтайды.
2. Атқаратын қызметі
Негізгі бағыттары:
2.1 Оқу-тәрбие процесінде балалар құқығының бұзылмауына басшылық жасау.
2.2 Мектептің құқықтық, ішкі істер бөлімдерімен, құқық қорғау органдарымен
бірлескен жұмыс жүргізу
3. Лауазымдық міндеттері
Директордың балаларды қорғау мен әлеуметтік қорғаныс (құқық бұзушылықтың алдын алу) ісі жөніндегі орынбасарына төмендегі міндеттер жүктеледі:
3.1 Мектептің әлеуметтік төлқұжатын жасайды. І-ауысымдағы оқушылардың сабаққа қатысуын қадағалайды. 2 күн себепсіз қалған оқушыны анықтап, ата-анасымен байланысып, себептерін анықтап мектеп басшысына хабарлауға міндетті.
3.2 Кәмелеттік жасқа толмағандардың мүліктік және мүліктік емес құқығын қорғауға жәрдемдеседі.
3.3 Оқушыларды әлеуметтік қорғау мәселесі бойынша сынып жетекшілердің жұмысын
үйлестіреді, олардың заңдық және құқықтық көзқарастарын қорғауды, ата-аналар ұйымымен қарым- қатынасты қамтамасыз етеді.
3.4 Оқушылардың өмір сүру жағдайларын, қажеттіліктерін, әлеуметтік қолдау мен көмек беруді ұйымдастырады.
3.5 Балаларды әлеуметтік қорғау бойынша сынып жетекшілердің кәсіптік құзыреттілігін жоғарылату шараларын ұйымдастырады және жоспарлайды.
3.6 Оқушылар арасында болған төтенше жағдайларға тіркеу журналын жүргізіп, сараптама жасайды.
3.7 КТІЖБ және ішкі істер бөлімдерімен бірлескен жұмыс жүргізеді
3.8. Әлеуметтік қауіпті топтар оқушыларының мектепшілік есепке алынуын қадағалайды, жасы толмаған жасөспірімдермен жұмыс жүргізетін ұйымдармен мектептің байланысын ұйымдастырады.
3.9 Құқықтық кеңес отырысының жүргізілуіне , педкеңеске әлеуметтік, құқықтық жұмыс туралы мәселелер қою, оны талқылауға жауап береді.
3.10 Құқық бұзушылықтың алдын алу жұмысына байланысты белгіленген есептің, өтілген іс-шаралар жоспарының дер кезінде дайын болуын қамтамасыз етеді.
3.11 Әр айдың 2-ші аптасында құқықтық тақырыпқа өткізілетін сынып сағаттарының өткізілуін қадағалайды және мектепішілік құқықтық тақырыпта өткізілетін іс-шараларды ұйымдастырады.
3.12 Азаматтық қорғанысқа , өмір қауіпсіздігінің негіздеріне , техника қауіпсіздігінің сақталуына басшылық жасайды
3.13 Физика, информатика, химия пәндері бойынша оқу бағдарламаларының орындалуына және сабақтардың өз деңгейінде өткізілуін бақылайды.
3.14. Салауатты өмір салты, діни экстремизм жұмыстарына басшылық жасайды, мектеп көлемінде іс-шаралар ұйымдастырады.
3.15 . «Мектепке барар жол» , «Қамқорлық» кеңесіне басшылық жасайды.

Білуге міндетті:
Қазақстан Республикасының Конституциясын (30.08.1995), Қазақстан Республикасының "Білім туралы" (04.12.2015ж), «Еңбек кодексі» (15.05.2007), "Бала құқығы туралы" (8.08.2002ж) Заңдарын, «Ар-намыс кодексін» және басқа білім беру мәселесі жөнінде нормативтік құқыктық актілерді, педагогиканы, педагогикалық психологияны, жас ерекшелік физиологиясын, мектеп гигиенасын, қазіргі заманғы педагогика-психологиялық ғылымның және практиканың жетістіктерін, әлеуметтану, экономика негізін, еңбек заңнамаларын, білім беру ұйымдарының қаржы-шаруашылық жұмыстарының сұрақтарын, еңбек қорғаудың ережесі мен нормасын және техникалық қауіпсіздік пен өртке қарсы қорғанысты.
4. Құқығы
Директордың балаларды қорғау және әлеуметтік қорғаныс ісі (құқық бұзушылықтың алдын алу ісі) жөніндегі орынбасары өз қызмет бабы шегінде құқылы:
4.1 Кез келген мектепшілік іс-шараға қатысуға, өз қарамағындағы қызметкерлердің жұмысын тексеруге, орындалуға тиісті бұйрықтар беруге.
4.2 Оқу процессіне, тәрбие жұмысына кедергі келтірген оқушыларды мектеп Жарғысында белгіленген тәртіптік жауапкершілікке тартуға.
4.3 Мұғалімдерден керекті құжаттар мен мәліметтерді, түсініктемелерді талап етуге.
5. Жауапты
5.1. Мектеп Жарғысы мен еңбек тәртібінің ішкі ережелерінің, басқа да нормативтік актілердің, білім бөлімінің бұйрықтарының, осы нұсқауда көрсетілген лауазымдық міндеттердің себепсіз немесе дұрыс орындалмауына, оның ішінде өзіне берілген құқықтарды қолдана алмағаны үшін мектеп директорының балаларды қорғау және әлеуметтік қорғаныс ісі жөніндегі орынбасары «Еңбек туралы» Кодексте анықталған ретте тәртіптік жауапқа тартылады.
Қызметтік міндеттерді өрескел бұзғаны үшін тәртіптік жаза ретінде жұмыстан босатылу шарасы қолданылуы мүмкін.
5.2. Еңбек қорғау заңдылықтарын, оқу-тәрбие процесінің ұйымдастырудағы санитарлық-гигиеналық талапты бұзғаны үшін мектеп директорының балаларды қорғау және әлеуметтік қорғаныс ісі жөніндегі орынбасары әкімшілік жауапқа тартылады.
5.3.Мектеп директорының балаларды қорғау және әлеуметтік қорғаныс ісі жөніндегі
орынбасары өзінің лауазымдық міндеттерін орындалуына байланысты мектепке
немесе білім беру процесіне қатысушыларға залал келтіруге кінәлі болса,
азаматтық заңдылықтар бойынша материалдық жауапкершілікке тартылады

6. Өзара қарым-қатынас. Лауазымдық байланыстар

Мектеп директорының балаларды қорғау және әлеуметтік қорғаныс, (құқық бұзушылықтың алдын алу) ісі жөніндегі орынбасары:
6.1. 20 сағаттық жұмыс аптасына құрылған, мектеп директоры бекіткен график бойынша қалыптан тыс жұмыс күні режимінде жұмыс істейді.
6.2 Өзінің әр оқу жылындағы және әр тоқсандағы жұмысын өз бетінше жоспарлайды. Жұмыс жоспарын жоспарланған мезгілдің алғашқы бес күн ішінде директорға бекіттіреді.
6.3 Оқу жылының соңында өзінің бір жылдық жұмысы туралы мектеп директорына
жазбаша түрде есеп береді.
6.4 Мектеп директорынан нормативті-құқықтық және ұйымдастыру-әдістемелік сипаттағы хабарларды алып, сол құжаттармен қол қойып танысады.
6.5 Мектеп директорының әлеуметтік қорғанысқа байланысты бұйрықтарын іске асырады.
6.6 Мектеп мұғалімдерімен, директордың басқа да орынбасарларымен өз қызмет бабы туралы пікір алмасып, ақпараттар алып отырады.
6.7 Физика, информатика, химия пәндері бойынша оқу бағдарламаларының орындалуына , құқықтық тәрбие сағаттарына қатысып талдайды. (жылына кем дегенде 70 сабақ);

Жауапты пәндері : математика





Нұсқаумен таныстым:________________ ____________________________________
(қолы) (аты-жөні)


«______»___________________2018ж.









Мектеп директоры: Ж.Кустутинов
















мектеп психологы

жеке лауазымдық міндеттері
1. Жалпы ереже
1.1. Жоғары психологиялық білімі бар мамандар мектеп психологы болып бекітіледі және белгіленген тәртіппен босатылады.
1.2 Мектеп психологы тікелей мектеп директорына бағынады.
1.3 Мектеп психологі өзінің қызметінде ҚР Конституциясымен заңдарын, ҚР Президентінің бұйрықтары мен жарлықтарын, ҚР Үкіметі мен Білім министрілігінің шешімдерін, білім беру мекемелерінің нұсқауларын, еңбек зандылықтары мен нормаларын, техника қауіпсіздігі мен өртке қарсы ережелерді, мектеп Жарғысын басшылыкқа алады. Мектеп психологі «Бала құқығы туралы» БҰҰ Конвенциясын қатаң сақтайды.
2. Лауазымдық міндеті
Психолог мына міндеттерді орындайды:
2.1 Тұлғаның психикалық денсаулығына қамқорлық жасайды, ол үшін дамытушылық, психикалық ыңғайлы орта құрады; салауатты өмір салтын қалыптастырады;
2.2 Психикалық даму барысын бақылау мақсатында жиі жаппай зерттеулер жүргізеді, психологиялық көмекті қажет ететін адамдарды анықтайды, олардың есебін алады және бақылайды;
2.3 Өз қызметін төрт негізгі бағытта: психодиагностика, психологиялық кеңес беру, психопрофилактика, психологиялык коррекция түрінде жүзеге асырады;
2.4 Қажетті психологиялық-педагогикалық өлшемдерді, нәтижелерді өңдейді, психологиялық қорытындылар мен ұсынымдарды дайындайды;
2.5 Оқушылар, мұғалімдер, ата-аналар арасында ағарту және кеңес беру жұмыстарын жүргізеді; кәсіби кеңес беру және кәсіби бағдар беруші зерттеулерді жоспарлайды және ұйымдастырады; психопрофилактикалық жұмысты қамтамасыз етеді; психологиялық қауіп зонасында орналасқан оқушыларды айқындайды осы категориядағы балаларға профилактика және коррекция жасайды;
2.6 Жанұяда балаларды нәтижелі отбасылық тәрбиелеу үшін микроклимат қалыптастыруға, жанұя ішіндегі дау-жанжалдарды шешуге көмек көрсетеді, отбасындағы ата-аналар құзырлылығының диагностикасын және дамуын жүзеге асырады;
2.7 Балалардың икемділігін дамыту, тұлғаның психологиялық мәдениетін қалыптастыру, қайырымды адами қарым-қатынасты қалыптастыру және оқыту, тұлға аралық және іскерлік дау-жанжалдарды шешу, экстремальды жағдайларда көмек көрсету жұмыстарын жүзеге асырады;
2.8 Психодиагностикалық жұмыстарды жүргізеді және сынып жетекшілердің қатысуымен балаларды ұйымдастырады;
2.9 Тапсырыстардың түсуіне қарай (соның ішінде жоғарғы сыныптарда кәсіби бағыт-бағдар беруші жұмыстар шеңберіндегі диагностика; педагогикалық шеберлік пен шығармашылықты дамыту шеңберіндегі диагностикасы) психодиагностикалық жұмыстар жүргізеді;
2.10 Ғылыми және практикалық психологияның жетістіктері туралы, оқу үрдісіне қатысушыларға психологиялық зерттеулер, диагностиканың жаңа әдістемелері туралы мәліметтер банкін жасайды;
2.11 Оқушылардың біртұтас білім үрдісінде өзін-өзі бағалауға, оқуға тұлғалық, интеллектуалдық, әлеуметтік-психологиялық дайындық деңгейлерін зерттейді; шығармашыл дарынды балаларды психологиялық қолдайды, олардың дамуына жағдай жасайды;
2.12 Оқушыларды жеке, тұлғалық-ізгілікті тұлғалық-бағытталған және дамытушы жақындау жолымен қамтамасыз ету мақсатында психологиялық-педагогикалык зерттеу жүргізеді; тұлғаның және интеллектінің бұзылуының психологиялық себептерін анықтайды,осыған ұқсас жағдайлардың алдын алады;
2.13 Оқытудың барлық сатыларында оқушылардың шығармашылық мүмкіндігін және жеке тұлғалығын қалыптастыруға және бекітуге ықпал жасайды; қазіргі коғам өміріне бейімделген дамушы тұлғаның қалыптасуына көмектеседі; оқушылардың кәсіби бағытталуына және интеллектінің, тұлғаның толыққанды дамуын қамтамасыз етуге көмектеседі;
2.14Қазақстан Республикасының «2015 жылға дейінгі білімі дамуының» тұжырымдамасын, педагог-психологтың біліктілік мінездемесінің талаптарын (ҚРБжҒМ-ң 22.08.2002ж.№629 бұйрығы) басшылыққа ала отырып, құзырлылық және біліктілік деңгейін үнемі арттырып отырады;
2.15 Ішкі еңбек тәртібі ережесін, мектеп Жарғысы талаптарын сактайды.
2.16 Орыс бөліміндегі 1-11 сынып оқушыларына психологиялық көмек көрсетеді.
2.17 Әр түрлі есепте (ІІБ-де, қауіпті топтағы, мектепішілік есепте, дәстүрлі емес
дінде есепте тұратын және жайсыз отбасының ) тұратын балалармен жұмыс жүргізеді.
2.18 Мектеп бітірушілерді ҰБТ-ге психологиялық дайындығын жүргізеді.

Білуге міндетті:

Қазақстан Республикасының Конституциясын(30.08.1995), Қазақстан Республикасының "Білім туралы"(04.12.2015ж), «Еңбек кодексі» (15.05.2007), "Бала құқығы туралы"(8.08.2002ж) Заңдарын, «Ар-намыс кодексін» және басқа білім беру мәселесі жөнінде нормативтік құқыктық актілерді, педагогиканы, педагогикалық психологияны, жас ерекшелік физиологиясын, мектеп гигиенасын, қазіргі заманғы педагогика-психологиялық ғылымның және практиканың жетістіктерін, әлеуметтану, экономика негізін, еңбек заңнамаларын, білім беру ұйымдарының қаржы-шаруашылық жұмыстарының сұрақтарын, еңбек қорғаудың ережесі мен нормасын және техникалық қауіпсіздік пен өртке қарсы қорғанысты.
3. Құқығы
Мектеп психологының құқығы бар:
3.1 Өз бетімен бағдарламалардың жаңа диагностикалық және коррекциялық әдістемесін, ақпараттық, білім және психологиялық технологияларды мақұлдауға, дәріс беруге;
3.2 Білім және психологиялық технологиялардың психологиялық сараптамасына, шешімдер, ұсыныстар, оқыту бағдарламалары, тестілеу диагностикасына қатысуға;

4.. Жауапкершілігі.
Психологқа мектеп директорының алдында мынандай жауапкершілік жүктеледі:
4.1. Жүктелген міндеттерді орындамағаны; Жарғының, ішкі еңбек тәртібі ережелерінің, ҚР-ың заң шығарушылық актілерінің, басқа жергілікті-құкықтық актілердің, лауазымдық нұсқаудың белгісіз себептермен орындалмауы;
4.2. Кәсіби қызмет үшін пайдалануға берілген құндылықтар, жабдықтар, мүліктердің сақталуын қамтамасыз ету;
4.3. Мұғалімдер мен оқушылардың құқы мен бостандығының бұзылуы;
4.4. Психологиялық жұмысты, инновациялық қызметті, өзін-өзі жетілдіру бойынша жұмыстарды нашар ұйымдастыруы;
4.5. Педагог-психолог біліктілігі мінездемелерінің талаптарын сақтамауы;









5. Лауазым бойынша өзара байланыс және өзара қарым-қатынас.
Психолог:
5.1. Мектеп директорының тәрбие ісі орынбасары мен құқық бұзушылықтың алдын алу ісі жөніндегі орынбасарларының тікелей басшылығымен және өзара бірлескен жоспармен жұмыс атқаруы тиіс. Мектеп директоры бекіткен жұмыс күні тәртібімен график бойынша жұмыс істейді;
5.2. Директордың ғылыми - әдістемелік, оқу-тәрбие, баланы қорғау және әлеуметтік қорғаныс ісі бойынша орынбасарларымен, педагог-ұйымдастырушымен, медициналык қызметкерлермен, мұғалімдермен, сынып жетекшілермен, оқушылардың өзін-өзі басқару органдарымен өзара байланыс жасайды;, мұғалімдермен ақпарат алмасады; мектеп директорына кезең бойынша өз қызметі туралы есеп береді;
5.3. Белгіленген үлгіде кезең бойынша өз кызметін өз бетімен жоспарлайды;

Нұсқаумен таныстым:________________ __________________________________
(қолы) (аты-жөні)


«______»___________________2018 ж.





Мектеп директоры: Ж.Кустутинов

Директордың шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары

-------------------------------
1. Жалпы ереже
1.1. Директордың шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары қызметіне жоғары педагогикалық немесе инженерлік-педагогикалық білімі бар, кызімет өтілі3 жылдан кем
емес маманды мектеп директоры тағайыңдайды және босатады.
1.2. Шаруашылық ісі жөніндеі і орынбасар тікелей мектеп дире