Баяндама » СШ №22
Жамбыл облысы
Қордай ауданы білім бөлімінің
"№22 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Баяндама
27
май
2020

Баяндама

№ 22 Еңбек орта мектебінің директоры Ж.К.Кустутиновтың 2019-2020 оқу жылының жылдық есебі.
Биылғы 2019-2020 оқу жылында 27 мұғалім қызмет атқарды.Оның 1-і жоғарғы санатта, І санатта 7, ІІ санатта-3, Педагог-сарапшы-6, педагог-модератор-6, санатсыз-4. Жалпы мектепті 179 оқушы аяқтады. Оның 20-сы үздік оқушы, 84-і жақсы, 75 оқушы екпінді. Білім сапасы 58%-ды көрсетті. 9 сыныпты 13 оқушы,11 сыныпты 14 оқушы аяқтап отыр. Оның ішінде 11 сыныптан 9 оқушы ҰБТ тапсырғалы отыр. Осы оқу жылында мектепте бір шама толағай табыстармен жұмыстар атақарылды.
Білім беру сапасын бағалаудың сенімділігін арттыру мақсатында мектептердің рейтигісінің қорытындысын рәсімдеу барысында мектебіміздің рейтингісі төмендегідей нәтиже көрсетті.
Сәуір-мамыр айларында қашықтықтан оқыту кезінде онлайн байқауларға, олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындарға ие болды.Атап айтсақ Кенгуру жарысына 15 оқушы дипломен марапатталынды, Золотое руно жарысына 20 оқушы,Британский бульдог-20 оқушы, Ақбота -20 оқушы, математика жұлдызы-12 оқушы, жалпы мектеп бойынша 87 оқушы жүлделі дипломдармен марапатталды. Осы оқущыларды қатыстырып жүлделі орындарға иеленген пән мұғалімдері де алғыс хаттармен марапатталынды. Қашықтықтан өткізілген КИО олимпиадасына 4 мұғалім қатысып,І,ІІ дәрежелі дипломдармен марапатталынғандығы туралы айтылды.
Мектепте оқушылар тарапынан жасалған құқықбұзушылық келеңсіз жағдайлар арыз шағымдар болмағандығы туралы айтып өтті.
Қамқоршылық кеңес мүшесі Жетигенов Қ.Қ №22 Еңбек орта мектебінің ұжымына сәттілік тілеп, алдағы оқу жылында көптеген жетістіктерге жетуіне тілек білдіріп, қамқоршылық кеңес мүшесі ата-аналар қауымдастығы мектеппен тығыз жұмыс атқаруды тілге тиек етіп айтып өтті.[/b]