"Қамқорлық акциясы" бойынша мәлімдеме » СШ №22
Жамбыл облысы
Қордай ауданы білім бөлімінің
"№22 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Қамқорлық акциясы" бойынша мәлімдеме
19
февраль
2019

"Қамқорлық акциясы" бойынша мәлімдеме

Мәлімдеме


№22 Еңбек орта мектебінде 10 қаңтар мен 10 ақпан күндері аралығында «Қамқорлық» дәстүрлі Республикалық акциясы мектебімізде жүйелі түрде ұйымдастырылды.
Аудан әкімдігінің білім бөлімі Жамбыл облысы әкімдігі басқармасының 2019 жылғы 16 қаңтардағы № 01- 185 хатын негізге ала отырып мектеп директорының бұйрығы шығып, акцияның іс-шаралары жөніндегі жоспары жасалынып бекітілді. Акция барысында сол жоспарга сәйкес жұмыстар жүргізіліп отырды.
Мектебімізде «Қамқорлық» акцияға байланысты бұрыш ұйымдастырылды. Ата-аналар жиналысы жасалынып, мектепке дәлелсіз себептермен келмей журген оқушылардың ата- аналары мен түсіндірү жұмыстары жүргізіліп, басқа да оқушыларға сабақты қалдырудың алдын-алу мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы отбасыларынан шыққан оқушылардың арасында мектепке керекті құрал жабдықтарға немесе киім кешекке мұқтаж балаларды анықтау мақсатында, мектепішілік рейд жүргізілді. Оқушылардың сырт киімінен бастап мектеп формасы, құрал-жабдықтары түгел тексеріліп қаралды. Рейд барысында мұқтаж балалар анықталған жоқ . Әсіресе аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушыларды байқағанда. Киімдері де аяқ киімдері де ескілеу болсада бүтін болып шықты.
Бұл ерекше қуантарлық жағдай болды. Ата – аналарымен кездесіп сөйлесу барысында да, балаларының мектепке керекті заттар мен жабдықталғандықтарын айтты. 20.01-01.02.2019 аралығында «Қамқорлық», «Мейрімділік», «Бақытты балалық шақ!» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Осы тақырыптарға байланысты жоғарғы сыныптар газеттер шығарды, ал бастауыш сыныптар әрқайсысы сурет салып дәліздерге ілінді. Акцияға байланысты 7, 5-ші сыныптар жәрмеңке ұйымдастырды. 7- сынып оқушылары жиналған ақшаға дәмді торт және басқа да тәттілерін алып, ауылымызда өздерімен жасты оқуға жарамсыз мүгедек бала Жұматай Серікжанның үйіне барып қуантып келді.
2- ші сынып оқушылары әр-түрлі дәмділерді пісіріп, сынып жетекшілері Дюсебаева Жанар құрал-жабдықтар сатып алып , әр затқа , пісіріп келген заттарға да жақсы сөздер тілектер жазылып, бастауыш сыныптың барлық оқушыларына таратылды.
4- ші сыныпта «Мейрімділікке» байланысты ашық тәрбие сағатын өтті. Мейірімді адам қандай адам болу керектігі жөнінде мағлұматтар алды, өз пікірлерін айтты. Сабақ өз дәрежесінде өтті.
3-ші сынып оқушылары жәрменке ұйымдастырды. Түскен қаражатқа дәптерлер және құрал-жабдықтар сатып алынып, бастауыш сынып оқушыларына таратылып берілді.





Мектеп директоры: Ж.Кустутинов

"Қамқорлық акциясы" бойынша мәлімдеме
"Қамқорлық акциясы" бойынша мәлімдеме
"Қамқорлық акциясы" бойынша мәлімдеме